• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Саясат 18 Ақпан, 2019

Ұлттық Банк 7 күндік қайтару мерзімі бар депозиттік аукциондарды өткізуді бастайды

340 рет
көрсетілді

Ұлттық Банк 2019 жылғы 18 ақпаннан бастап 7 күндік қайтару мерзімі бар депозиттік аукциондарды өткізе бастайды және Ұлттық Банктің 7 күндік қысқа мерзімді ноттарының аукционын өткізуді тоқтатады. Депозиттік аукционды бастаумен тұрақты қолжетімділік операцияларының шеңберінде 7 күндік депозиттерді тарту да тоқтатылады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Депозиттік аукцион өтімділікті алу үшін ақша-кредит саясатының ашық нарығы операцияларының негізгі құралы болып табылады.

Бұл өзгерістер Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің пайыздық арнасының тиімділігін арттыруға бағытталған.

Депозиттік аукциондар ақша-кредит саясатын іске асыру шеңберінде Ұлттық Банктің аукциондарды өткізу қағидаларына сәйкес өткізілетін болады (https://nationalbank.kz/?docid=583&switch=kazakh ).