• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Бокс 20 Ақпан, 2019

Геннадий Головкин WBO рейтингінің көшін бастап тұр

367 рет
көрсетілді

Деметриус Андраде Геннадий Головкиннің міндетті қарсыласы болды.

Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34КО) орта салмақтағы Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) рейтингінің алдына шықты.

Бұған дейін рейтингтің алдында WBO экс-чемпионы Билли Джо Сондерс (27-0, 13КО) болды, бірақ бұл жолы британдық екінші орынға жайғасты.

Головкиннің бұл рейтингтегі көшбасшылығы оның WBO атағына міндетті үміткер екендігін көрсетеді, ол қазір американдық Деметриус Андраденің еншісінде(27-0, 17КО).