• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Ақпан, 2019

Астанада жоғалған баланың өлі денесі табылды

338 рет
көрсетілді

Астанада 4 күн бұрын жоғалып кеткен 13 жасар бала құдықтан өлі күйінде табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді.

«19 ақпан күні сағат 16:53-те Астананың Теміржол тұрғын алабында Орталық өңірлік аэромобильді шұғыл-құтқару жасағының құтқарушылары 2006 жылы туған баланы іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ол 16 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат 23:40-та волонтерлар ашық жатқан кәріз құдықтарының бірінен жоғалған баланың денесін тапты. Құтқарушылар мәйітті алып шықты», Нұрсұлтан Нұрахметов.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, оқиға бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бақдәулет Өмірханның денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған. 

«Баланың жоғалу себебін анықтау және оның орналасу жерін анықтау мақсатында шұғыл-іздестіру тобы құрылды. Оған полицейлер, әскери қызметшілер, төтенше жағдайлар қызметкерлері енді. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына еріктілер қосылды. Әскери қызметшілер мен волонтерлар кенттегі (Теміржол тұрғын алабы) орманды алқаптарды, қараусыз қалған жер үйлерді, ашық алаңдарды, теміржол өткелдерін, кәріз құдықтарын, сондай-ақ техниканың көмегімен трассалар бойын тінтіп шықты», деді ол.