• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2012

Әзербайжан Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Севда МӘМЕДӘЛИЕВА: Көргенім ойлағанымнан да асып түсті

296 рет
көрсетілді

Әзербайжан Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Севда МӘМЕДӘЛИЕВА: Көргенім ойлағанымнан да асып түсті

Жұма, 8 маусым 2012 7:42

Ел ісіне қатысып, мемлекеттік жауапты қызметтерде жүргеніме, шетелдік сапар­лар­ға шыға бастағаныма талай жыл болса да Қазақстанға еш жолым түспей жүрген еді. Әзербайжан мәдениетінің Қазақстандағы күн­дері арқасында Астананы алғаш рет  көру мүмкіндігіне ие болдым.  «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» деген сөз рас. Қай елге барғанда да сол жерден көрер­мін дегеніңді ойша екшейсің, кейде көргенің ойлағаныңның өресінен табылмай жататыны да болады. Біз елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен, басшылығымен жаңа астана салын­ға­нын, ондағы сәулет өнерінің деңгейі жо­ғары екенін жақсы білеміз. Әйтсе де осында келгелі бері менің көргенім ойлағанымнан да асып түсті.

Астана нағыз осы заманның қаласы, оның жоспарлануы, тұрғызылуы, сәулетінің ерекшелігі қазақ халқының, барша қазақ­стан­дықтардың заңды мақтанышы.  Бүкіл түркі әлемі құрмет тұтатын Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл жобасы – жасампаздық жоба. Қазақстанды жиырма бірінші ғасырдағы адамзат өркениетінің алдыңғы шебіне алып шығатын ірі іс. Біз Тұңғыш Президенттің музейінде Нұрсұлтан Назарбаевтың өнегелі өмір жолымен танысып, тәуелсіз мемлекет құрудың жай-жап­сарынан жан-жақты хабардар болдық. Қа­зіргі таңда Қазақстанның әлем алдында абыройы асқақтап тұрғанында ел басшысының еңбегі ерекше екенін нақты сезіне түстік. Астана жұртшылығының өкілдерімен сөй­лес­кеніңізде олардың отаншылдығы, ертеңгі күнге сенімі разы етпей қоймайды. Бұл мемлекеттің келешегінің кемелдігінің дәлелі.

Нұрсұлтан Әбішұлының Әзербайжанның басшылығымен қай кезде де жақсы қарым-қатынас жасап, ата-бабаларымыздан ауыс­қан достық дәстүрін жемісті жалғастырып келе жатқаны белгілі. Біз қазақ бауырлары­мыздың жанашырлығын бұрын да талай сезінгенбіз. Баку аспанына бұлт үйіріліп, кешегі кеңестік кезеңнің зорлығы батқан тұста атақты қазақ ақыны Олжас Сүлей­меновтің, өзі ыстығы көтеріліп, қатты ауырып тұрғанына қарамастан, Бакуге ұшып кел­генін, халықтың жігерін көтеретін жалынды сөз сөйлегенін біз ешқашан ұмыт­паймыз. Біз Кеңес одағындағы әміршіл-әкімшіл жүйеге алғаш қарсы шыққан, ұлт­тық намыс туын алдымен желбіреткен қазақ жастары, біздің бауырларымыз болғанын да мақтан етеміз.

Әзербайжан мәдениетінің Қазақстандағы күндері сияқты игілікті іс-шаралар алдағы кезде де жүйелі ұйымдастырылып тұруға тиіс. Осы күндерде өзімнің әріптесім – Қа­зақ­стан Республикасы Мәдениет және ақ­па­рат минис­тр­лігінің жауапты хатшысы Жанна Құрман­ғалиевамен, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Әлібек Асқаровпен, «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Абдрахмановпен, Түркі академия­сы­ның президенті Шәкір Ыбыраевпен пікір­лескенімде мәдени бай­ла­ныстардың көк­жие­гі кеңейе түсетініне көзім жетті.

Бір Каспийдің екі бетін жайлаған қос халықтың ғасырлар бойғы достығы баянды жалғас табуын тілейміз.