• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Ақпан, 2019

Кәсіпорындар қажет маманды өздері оқытады

437 рет
көрсетілді

Алматы облысының кәсіпорындары жұмыссыз тұрғындарды қайта даярлауға кірісті. Осы мақсатта кәсіпорындар жанынан 20 оқу орталығы құрылды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ашылған оқу орталықтары еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық иесін атануға мүмкіндік береді. Ал өндіріске қажетті маман болып қайта дайындықтан өткен адам бірден жұмысқа тұрады.

- Елімізде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жемісті жалғасуда. Облыс бойынша осы бағдарлама аясында 26 оқу орталығын ашуға қолұшын создық. Жұмысшы мамандығына сұраныс болғандықтан, ең қажетті деген мамандық иесін 20 кәсіпорын өздерінң базасында дайындауға кірісті. Былтыр 852 адам жаңа мамандық иесі атанды. Олардың 72 проценті бірден жұмысқа қабылданды, - дейді Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы