• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2012

Зигфрид Фогель: «Көп жайға таңғалып жүрмін»

388 рет
көрсетілді

Зигфрид Фогель: «Көп жайға таңғалып жүрмін»

Сенбі, 30 маусым 2012 7:45

Ертең Астанада отандық ней­рохирургтердің ІІ съезі өз жұ­мысын бастамақ. Съезге өз мамандарымызбен қатар шетелден, яғни, Ресей, Украина, Германия, Франция, Швейцария, Венгрия, Бельгия, Қытай, т.б мемлекеттерден де тәжірибелі нейрохирургтер шақырылған болатын. Олар­дың алды Астанаға ат басын тіре­гелі үш-төрт күн болып қалды. Шетелдік дәрігерлер ор­талықтың мамандарымен бір­лесіп оталар жасап, шеберлік сыныптарын өткізуде. Біз солардың бірі Мейо клиникасының (Германия) бөлім­ше меңгерушісі Зигфрид Фогельмен аз-кем тіл­дескен болатынбыз.

– Нейрохирургия ғылыми-зерттеу орталығы және осын­дағы мамандар туралы не айтар едіңіз?

– Қазіргі уақытта мен орта­лықтың жұмысымен егжей-тег­жейлі танысып жатырмын. Мұн­да білікті мамандар жұмыс іс­тейді. Барлық жағдай жасалған жерде жұ­мыс істеудің өз рахаты болатын болса, маған да осы орталықта жұ­мыс істеу сондай қуаныш сыйлайды. Кеше алғаш­қы отамды жасадым. Бәрі сәтті өтті деп жатыр. Өз елімде, өз үйімде жүргендеймін.

– Сіздің ойыңызша, орта­лықтың техникалық қамта­масыз етілуі қай деңгейде?

– Техникалық құрал-жабдық­тармен қамтамасыз етілу деңгейі Батыс мемлекеттеріндегі клиникалармен бірдей. Сондай-ақ, ем­дік және диагностикалық технологиялар да бір деңгейде деп айтуға болады.

– Қазақстандағы нейро­хи­рур­­гияның дамуы туралы ойы­­­ңызды білдірсеңіз?

– Осындай аз ғана уақытта Қазақстан батыс елдеріндегі дең­­гейге қалай жетті деп таңқалдым.

– Сіз үшін осындағы қандай жағдай таңсық болып көрінді?

– Бұл орталықта балалар нейрохирургиясы бөлімшесі бар екен. Сондай-ақ балаларды ней­рооңал­ту бөлімшесі де жұмыс істеп тұр. Маған балалар нейрохирургиясы бөлімшесі қатты ұнады.

– Сіздің ойыңызша осы орта­лықта келешекте тағы қандай күрделі оталар жасалуы мүмкін?

– Күрделі оталардың түрі көп. Оны бұл орталық жасап та жатыр. Осы деңгей арқылы дамыған мем­лекеттердегі клиникалармен әріп­­тестік қарым-қатынас орна­туға әб­ден болады деп есеп­теймін. Мен өзім нейроонколог болғандықтан, орталық жұмысы­мен танысу барысында мидағы ісікті емдеуге байланысты әріп­тес­тіктің берері көп деп ойлаймын.

 Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».