Кеше Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев «Байқоңыр» ғарыш кешеніне барып қайтты. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.
Қазақстанның Қорғаныс ведомствосының басшысы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен және ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің өкілдерімен бірге «Зенит» ғарыш зымыран кешенінде болды. Аталмыш кешеннің базасында қазақстандық-ресейлік «Бәйтерек» жобасы жүзеге асырылады.
«Қазақстандық делегация сонымен қатар бортында мысырлық спутник бар «Союз-2» зымырантасығышының ұшырылу сәтін бақылады» деп хабарлады Қазғарыш өкілдері.