Статистикалық мәліметтердің есебі бойынша, 2043 жылдан бастап зейнеткерлікке шығу үшін қағаз еңбек кітапшасынан бас тарту мүмкіндігі бар. Зейнеткерлікті рәсімдеу БЖЗҚ мәліметтері бойынша жүргізіледі.
Оған дейін 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі бар адамдар зейнеткерлікке шығады. Осылайша, еңбек кітапшасында көрсетілген еңбек өтілі ақшалай зейнетақы аударымдарымен шамаласады. Мұнымен бірге, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электронды еңбек кітапшасын және электронды еңбек келісім-шарттарын енгізу пилотты жобасын жүзеге асыруда. Бүгінгі күні бірыңғай электронды жүйеге 400 мың еңбек келісім-шарты тіркелді. Барлық қажетті талаптарды сақтаған жағдайда, ендігі заңмен негізгі кадрлық құжаттарды электронды түрде жүргізуге, оның қағаз түрін жасамауға мүмкіндік беріп отыр.
Е-HR жүйесіне тіркелген жұмыс берушілер, оған өз қызметкерлерін тіркейді, сондай-ақ жұмысшысының осы ұйымда жұмыс істегенге дейінгі еңбек өтілі жайында ақпаратты енгізеді.
Вице-министр атап өткендей, еңбек кітапшасында көрсетілген 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі, БЖЗҚ аударымдарымен және жұмыс берушінің БСН –мен салыстырылады.
«Бұл жаңашылдықты таяу жылдары енгізгіміз келіп отыр, себебі 2020 жылға дейін зейнетақыны автоматты түрде тағайындағанды жөн көріп отырмыз. Егер жұмыс берушілер бізді қолдаса, тіпті жақсы болар еді», - деді Нариман Мұқышев.