Жиында әскерге шақыру медициналық комиссияларына қойылатын талаптарға қатысты мәселелер талқыға салынды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қалалық қорғаныс істері департаментінің базасында бас әскери медициналық басқармасы орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының медсарапшылары Алматы және Сарыарқа аудандары медициналық комиссиялары құрамының дәрігер-мамандары үшін сабақ өткізді.
Шара барысында әскерге шақыру медициналық комиссияларына қойылатын талаптарға, 2018 жылғы медициналық куәландыруды талдауға, медициналық куәландыруды өткізу кезінде туындайтын проблемалы мәселелерге қатысты сұрақтар ортаға салынды.
Жиын соңында құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды, медициналық куәландыруға қатысты бірқатар мәселені шешу жөніндегі ұсыныстарды тиісті органдарға жолдау қажеттігі пысықталды.