Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан өтіп жатқан жүлде қоры 744 010 евроны құрайтын халықаралық турнирде қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин финалға шықты.
Алғашқы кезеңде украиналық Денис Кудланы, екінші айналымда израильдік Денис Шапаваловты, ширек финалда ресейлік Андрей Рублевпен ұтқан жерлесіміз жартылай финалда Михаил Кукушкин Уго Умбертпен кездесті. Әлемдік рейтингте 75 орында тұрған Францияның теннисшісі осы турнирде Эрнест Гулбис, хорватиялық Борна Чорич және германиялық Маттиас Бахингер сынды саңлақтардан басым түскен болатын. Бұл бәсекеде де Кукушкиннің мықтылығы еш күмән туғызған жоқ. Қос сеттің қорытындысы бойынша 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жеткен ол финалға жолдама алды.
Ақтық сынды Михаил Кукушкин Стефанос Циципаспен шеберлік байқасады. Әлемдік рейтингте 12 орында тұрған Грекия теннисшісі Марсельдегі турнирде бұған дейін сербиялық Давид Крайнович, польшалық Хуберт Хуркач, украиналық Сергей Стазовский және бельгиялық Давид Гоффеннен айласын асырған болатын.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»