• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Футбол 24 Ақпан, 2019

Бақтияр Зайнутдинов «ТОП-10» футболшының қатарында

789 рет
көрсетілді

Ресейдің «Газета.Ru» басылымы футболдан сол мемлекеттің Премьер-лигасындағы қысқы трансфердің үздік ондығының рейтингін жариялады. Сол тізімде 20 жастағы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтияр Зайнутдинов та бар.

«Тараз» футбол мектебінің түлегі былтырғы маусымда «Астананың» жейдесін киген болатын. Қос команданың намысын қорғаған кездері өрелі өнерімен көзге түскен ол Қазақстанның ұлттық құрамасына қабылданды. Бас командамыздың сапында 9 мәрте жасыл алаңға шығып, 3 гол соқты. Сол аралықта бірнеше аталымдар бойынша түрлі жүлделерге иелік етті. Биыл Зайнутдинов «Ростовқа» ауысты. Ресейлік басылым Бақтиярдың Дондағы Ростов қаласында жасақталған клубқа ауысуын ең сәтті қысқы трансферлердің бірі деп атады. Бұл тізімде айтулы футболшыға 9 орын бұйырған екен.

 

«ТОП-10» ойыншының қатарында кіргендердің толық тізімі мынадай:

 

1. Сердар Азмун, «Зенит»

2. Ярослав Ракицкий, «Зенит»

3. Вильмар Барриос, «Зенит» 

4. Лукас Айртон, «Спартак»

5. Максим Глушенков, «Спартак»

6. Дмитрий Скопинцев, «Краснодар»

8. Антон Зиньковский «Крылья Советов»

8. Хвичи Кварацхелия «Локомотив»

9. Бақтияр Зайнутдинов «Ростов»

10. Бакари Коне «Арсенал» (Тула).

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,  

«Egemen Qazaqstan»