• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2019

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінді

460 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 25 ақпан күні Алматы уақытымен 08 сағат 33 минут 58 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 688 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 9,1. MPV тербелісі - 4,0. Тереңдігі - 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.