27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Польшаның Пружков қаласында велотректен лицензиялық әлем чемпионаты өтеді.
Аталған сынға қатысатын Қазақстан командасының құрамы: Артем Захаров, Павел Воржев, Максим Налетов, Сергей Пономарев, Роберт Гайнеев, Әлішер Жұмақан және Асылхан Тұрар.
Қазақстан командасының үздігі Артем Захаров әлем чемпионатында жүлдеге таласу үшін аянып қалмайтынын айтқан болатын.