• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Парламент 25 Ақпан, 2019

Мәжіліс Мәдениет және спорт министрінің кандидатурасын мақұлдады

377 рет
көрсетілді

Мәжіліс Арыстанбек Мұхамедиұлының кандидатурасын Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындауға келісті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгін Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өткен болатын.

«Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе комитет отырысында қарастырылды.  

Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Арыстанбек Мұхамедиұлының кандидатурасын Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.