• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Тамыз, 2012

Волонтер

328 рет
көрсетілді

Волонтер

Сейсенбі, 21 тамыз 2012 7:15

Әйгерім Ерланқызы Масалимова Лондондағы Олимпиада ойындары кезінде ағылшын елі жағынан VIP белдеуінде Ұлыбритания патшайымы Елизавета II отбасы мен Ресей, Черногория, Румыния президенттеріне, жоғары мәртебелі шетелдіктерге қызмет көрсетті.

 

Сейсенбі, 21 тамыз 2012 7:15

Әйгерім Ерланқызы Масалимова Лондондағы Олимпиада ойындары кезінде ағылшын елі жағынан VIP белдеуінде Ұлыбритания патшайымы Елизавета II отбасы мен Ресей, Черногория, Румыния президенттеріне, жоғары мәртебелі шетелдіктерге қызмет көрсетті.

Олимпиада ойындары бел ортадан ауған шақ. Әлемдегі ең ірі көр­ме залы – «Эксель» сауда орта­лы­ғының арнайы жабдықталған ауыр ат­леттер залында ине шаншар орын жоқ. Өйткені, бүгін даңқты ауыр атлет Илья Ильин 94 кило сал­мақта өнер көрсетпек. Жер­лесі­мізге жанкүйер болғандар атшап­ты­рым «Эксельді» жаулап алған сыңайлы. Тіпті, олардың саны бес жүз­ден асатындай. Жарыс бас­та­ларға санаулы минуттар қалған кез­де қасында бірнеше мәртебелі шетелдіктер бар ұзын бойлы, әдемі қыз келіп, VIP мінбеге жайғасты.Шалғайда жүргенде елді сағы­на­­сың, жерлестерді көргенде шүй­ір­келесе кетесің. Таныстық. Семейде туып, Мақаншыда, Жармада, соңынан Өскеменде білім алған Әйгерім Ерланқызы Масалимова екен. Қытай, ағылшын тілін жетік меңгеріп алған. Мұның алдында Бей­жіңде екі жыл оқыған кезде Олим­пиада ойындарында ерікті ре­тінде қызмет еткісі келген талабы жүзеге аспай қалыпты. Небәрі 16 жастағы оған сол кезде «жасың жет­пейді» деген уәж айтыпты он­дағылар.Илья Ильин екі дүркін Олим­пиа­да ойындарының чемпионы атанды. Бөркімізді аспанға атып, жер­­лесіміздің жеңісін атап өттік. «Қа­зақ ауылына» Әйгеріммен бірге ке­ліп әңгімелестік.– Ата-анам Ерлан Масалимов пен Жанат Акимова біздің терең бі­лім алып, елімізге адал қызмет етуімізді назардан шығармайтын. Кей пәндерге репетитор жалдайтын. Бірнеше шет тілін үйрете бас­тады. Үлкен апайым Диана да көп тілді меңгерген, қазір жұбайымен Дубайда тұрады. Ортаншы апайым Алуа да шет тілін жетік меңгерген, Астанада қызмет етеді. Бір отба­сын­дағы үш бірдей қыздың Прези­денттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиясын жеңіп алуы сирек кездесетін оқиға ғой. Сол үшін ата-анамызға ғұмыр бойы қа­рыздармыз. Екі жыл ішінде қытай тілін жетік меңгердім, қазір Лон­дондағы ЮСИЭЛ университетінің колледжінің екінші курсындамын.– Ұлыбритания мемлекеті өзіңе се­нім білдіріп, VIP қонақтарға, пат­­шайым отбасына, шет ел Пре­зи­­дент­теріне сәл уақыт тапқанда жер­лестеріңе қызмет етуге қалай ша­қырды? Бұл үлкен мәртебе ғой.– Бейжіңде жасың толмады деді. Екі жыл бұрын Лондондағы Олим­пиадалық комитетке құжат­та­рымды жібердім. Көптеген треннингтерден өттім. Бір ғана мысал. Спортшылар шешінетін жерде ора­мал жинаудан бастап аса мәр­тебелі қонақтарға қызмет көрсету сияқты сыннан өтуге тура келді. Әсіресе, дәрігерлік жәрдем көр­се­тудегі іскерлігімді бағалады. Шет ел тілдерін жетік білетін, Қытай мен Англияда алған білімім маған аса құзырлы жандарға қыз­мет етуге мүмкіндік берді. Герцогиня Кате Мидлтон, Тақ мұрагері Уильям, Испания ханшайымы София, тағы басқалар мәдениетім мен білімімді, тілді жетік мең­гер­генімді аңғарып. «Ұлтың кім?» деп сұраған кезде, Қазақстаннан екенімді айттым. Кейбірі ас­қақ­та­ған Астанада болғандарын, Азия ойындарының тамаша өткенін айт­қан кезде елім үшін мақ­тан­дым. Баскетболдан финалдық ойын кезінде атақты футболшы Дэвид Бэкхемді ертіп жүріп, аудармашы болдым. Майя, Зүлфия алтыннан алқа таққан кезде уақыт тауып, жанында болып, шетелдік журналистерге қызмет еттім. Ол ол ма, елден келген ағайындар мені телефон арқылы тауып алып, қаланың тарихи ескерткіштері мен мың жылдық тарихы бар атақ­ты Виндзор қамалына ертіп баруын өтінгенде, келісімімді бер­дім. Ұлыбританияны 60 жыл бас­қарып келе жатқан Елизавета ІІ сенбі және жексенбі күндері Вин­д­зор қамалындағы резиденциясына келіп демалады, атпен серуен­дейді. Қамалдағы суреттер мен жәдігерлер ұлы мемлекеттің атақ-даңқын асқақтатып тұр емес пе. Айтпақшы, Олимпиада ашылар қарсаңда Қазақстанның Прези­ден­ті Н.Назарбаев Кембридж уни­вер­ситетіне келіп, лекция оқыды, елі­міздің қол жеткен табыстары жай­лы кеңінен әңгімеледі. Ер­тең­інде Лондондағы ірі басылымдар Елба­сының сөйлеген сөзін жариялады. Менімен бірге оқитын шетел сту­денттері «Әйгерім қандай ба­қыт­ты­сың. Қазақстанды бүкіл әлем бі­леді, Президенттің беделі ерекше екен», деп құттықтады.Бұл күндері «Болашақ» бағ­дар­ламасы бойынша жүздеген қазақ жастары Лондонда, басқа мемлекеттерде білім алып жатыр. Күні ертең біз ел болашағы үшін қызмет етеміз. Қазақстан бізді шет ел­дер­дің білікті оқу орындарында тегін оқытып жатыр. Одан асқан қандай бақ бар?! Ал Лондондағы Қазақ елі­нің адам нанғысыз спорттағы же­­тістіктері көк байрағы жел­біре­ген байтақ даламыздың болашағын ай­қын аңғартса керек, – деп сөзін аяқтады Әйгерім.Оңдасын ЕЛУБАЙ,«Егемен Қазақстан»Лондон.