• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2019

«Цеснабанк» білімге қаржы құймақ

551 рет
көрсетілді

Жақында «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағалығына тағайындалған Шигео Катсу отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында қаржы институтының алдағы жұмыс жоспары жайлы айтты.

– Жұмысқа кіріскенімізге 10 күндей ғана болды, процесс енді басталды. «Цеснабанк» қа­лып­тасқан тарихы бар банк, бұл жерде жұмыс істейтін команда мүшелері – кәсіби мықты ма­мандар. Банк ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы са­ласымен, шағын және орта бизнеспен, жеке тұлғалармен жұмыс істеп келді. Біз осы істі одан әрі жалғастыруға ниет­тіміз, – деді Ш.Катсу.

Банк басшысының ай­туын­ша, цифрландыру мен e-banking қазір алға қойып отыр­ған ең бас­ты міндеттердің бірі. 

– Әрине біз коммерциялық тұр­­ғыда табысқа жетуді көз­­­дей­міз. Дей тұрғанмен, «Цес­набанк»­ қоғам үшін де­ пай­да­­­лы болуы керек. Білім беру саласындағы байланыстарымызды ескере отырып, банктің осы саланы дамытуға да үлес қос­қанын қалаймыз. Бәлкім уни­­­верситеттерге, мектептер мен жеке тұлғаларға қаржылай қол­дау ұсынатын боламыз,– деді ол. 

«Цеснабанк» еліміздегі ең ірі қаржы институттарының бірі екенін айта кетейік. Ақпан айында банк акцияларының бақылау пакетін «First Heartland Sekurities» АҚ сатып алды.

Арнұр АСҚАР,

«Egemen Qazaqstan»