• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2019

Бүгін Қазақстанның оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

403 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК сейсенбіге арналған ауа райы болжамын хабарлады.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады» деп хабарлады синоптиктер.

Астанада құбылмалы бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашынды (көбіне қар жауады), кейде жаяу бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз 0-2. 

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +8+10. 

Шымкентте жаңбыр аралас қар жауады, 5-15 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +10+12, түнде 0+2.

Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, күндіз көктайғақ, 18 м/с жел тұрады. 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, көктайғақ, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -2-7 және түнде -11-16.

Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -15-20 (оңтүстігінде -8-13).

Қызылорда облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қалың қар жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -2-7.

Жамбыл облысында күндіз аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде -3+2. 

Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз -5-10, түнде -13-18.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +6+11, түнде 0-5. 

Түркістан облысында күндіз кей жерлерде аздаған қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +8+13, түнде 0+5. 

Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -13-18.

Қарағанды облысында жаяу бұрқасын соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз 0-5, түнде -11-16. 

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, күндіз 18 м/с жел тұрады. Күндіз -1-6, түнде -15-20.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -15-20.

Атырау облысында күндіз қар жауады, түнде кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз -2+3, түнде -5-10.

Маңғыстау облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +2+7, түнде -2+3. 

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, шығысы мен батысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың еруі және қар суының қалыптасуы, мұз қату құбылыстарының әлсіреуі мүмкін» деді синоптиктер.