• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 10:10

Алматы аспанында не ұшып жүр? Әкімдік түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Алматы аспанында ұшып жүрген белгісіз аппараттың видеосы тарады. Жаңадан құрылған Алатау қаласының маңында түсірілген кадрлар желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің мәліметінше, сынақтар Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы демонстрациялық ұшуға дайындық аясында жүргізіліп жатыр.

Ведомство мұндай ауқымды шара кезең-кезеңімен дайындықты, технологияларды сынақтан өткізуді және барлық қауіпсіздік жүйесін тексеруді талап ететінін атап өтті.

Сондай-ақ әкімдік барлық ұшулар уәкілетті органдармен келісілгенін және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Еске сала кетейік, былтыр Президент Алатау қаласын заманауи цифрлы орталыққа айналдыру жөнінде бастама көтерген болатын. Жуырда Мемлекет басшысы қаланың құқықтық мәртебесін айқындайтын заң жобасына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар