2019 жылғы 26-27 ақпан аралығында елімізде көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау бойынша «Көктем 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері - орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары – ТЖ-ның алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар, облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысады.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында.
Оқу-жаттығу шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылдары және құлақтандыру, практикалық су тасқынына қарсы іс-шараларды (қарды жинау және шығару, арықтарды тазалау, қаптар мен т. б. дайындау), азаматтық қорғау құрылымдары күштерінің және халықтың су тасқыны кезеңінде іс-қимылдары бойынша арнайы-тактикалық жаттығулар өткізу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің қызмет ету режимін көктемгі кезеңде ТЖ қаупі және туындаған кезде міндеттерді орындауға жоғарғы әзірлік режиміне келтіру мәселелерін пысықтау жоспарлануда.