Қарағандыда медициналық мекемеден өрт шықты. Бұл туралы ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
«25 ақпанда сағат 23.30-да Қарағандыда Сәкен Сейфуллин көшесінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіруші бөлімшелер келген кезде «Х.Ж.Мақажанов ат. облыстық травмотолгия және ортопедия орталығы» ҚМКК оңалту орталығының медбикелер бөлімінде жиһаз, заттар, терезе жақтауы, тұрмыстық техника, ағаш жарлар мен бірінші және екінші қабат жақтаулары, жалпы алаңы 20 ш.м. отқа оранған» деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов сейсенбіде.
Ол нақтылағандай, құтқару құралдары және зембіл арқылы 22 науқас құтқарылып, медқызметкерлердің үшеуі қауіпсіз жерге шығарылды.
«Өрт 00.16-да ауыздықталды. Құтқарылғандар орталықтың негізгі бөлімшесіне орналастырылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамдағы 52 адамы мен 11 бірлік техникасы жұмылдырылған» деді Н.Нұрахметов.