• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2019

Жаңа министр коммуналдық қызметке қанша төлейтінін айтты

514 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов коммуналдық қызметтерге қанша қаржы жұмсайтынын айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жаңа тарифтерге қатысты пікір білдірген ол, «кеше пошта жәшігінен түбіртекті алдым. Электр энергиясы бойынша тариф 15,32 теңге болса, қазір 13,89 теңге, яғни төмендеу 10 пайызды құрады. Бұл Астана бойынша мәлімет. Жылу беру 3 097 теңге болса, 2 788 теңге деңгейінде қалыптасты. Жалпы, 10 пайыздық төмендеу байқалады. Егер де осындай өзгерістер сезілмесе, онда тікелей маған келулеріңізді сұрар едім. Сәйкесінше, осы мәселені өзімнің бақылауыма аламын» деді ведомство басшысы Үкімет отрысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік тарифтерге қатысты қала мен облыстар бойынша ақпаратты кеңінен жариялайтын болады. Осы орайда әрбір адам монополист мәлімдеген тарифті үйге келген төлем түбіртегімен салыстыра алады.

«Тарифтерге қатысты кемшіліктер болса, міндетті түрде шағымдану керек. Бұл мәселені жеке бақылауыма аламын. Тұрғындар өзгерістерді сезінуі тиіс» деді Руслан Дәленов.