• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Ақпан, 2019

Қарағанды облысында көктемгі аң аулауға шектеу ұзартылды

402 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында көктемде аң аулауға мораторий ұзартылды. Биылғы жылы 1 наурыздан 15 мамырға дейінгі аралықта жабайы аңды ату заңсыз деп табылады. 

Осындай шектеулер облысымызда үшінші жыл қатарынан өткізілуде. Бұрындары көктемде үйректер мен құрларды атуға екі аптаға рұқсат берілетін. 

Заңсыз аң атқаны үшін «Жануарлар әлемін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу» ҚР Әкімшілік кодексінің 382 бабы бойынша айыппұл қарастырылған. Заңға сай жеке тұлғаларға 5 АЕК, шағын әсіпкерлік субъектілері үшін 20 АЕК, сондай-ақ орта және ірі субъектілерге 50 және 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Айыппұлмен қоса, заң бұзушылар мемлекеттік қазынаға шығынды өтеуі тиіс. Бұл сома өлтірген аңның түрі мен санына байланысты болады. 

Айта кету керек, биылғы жылы Қарағанды облысында қасқырлардың популяциясын реттеуге рұқсат берілген. Бір жылда аймағымыздағы жалпы қасқырлар санының 10%6 яғни 39 көк бөрілерді өлтіруге рұқсат етілген. Алайда жыртқыштарды тек малға немесе адамдарға шапқан кезде ғана атуға болады. Ондай жағдайда қасқыр атқысы келетіндер аудандық әкімдіктен рұқсат қағазын алуы тиіс.