Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:58
Мубарактың Ирак президенті Саддам Хусейннің тағдырын қайталауы мүмкін.
Каирде өтіп жатқан сот процесінің бас айыптаушысы елдің бұрынғы президенті Хосни Мубарак пен басқа да айыпталушыларды өлім жазасына кесуді талап етті. Олардың қатарында Мубарактың балалары мен ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы бар. Египетте өлім жазасы дарға асу арқылы жүзеге асырылады. Осылайша ереуіл кезінде адамдарды атуға тікелей бұйрық бермеген Мубарактың ирактық әріптесі С.Хусейннің тағдырын қайталау мүмкіндігі күшейіп тұр.
Сенбі, 7 қаңтар 2012 7:58
Мубарактың Ирак президенті Саддам Хусейннің тағдырын қайталауы мүмкін.
Каирде өтіп жатқан сот процесінің бас айыптаушысы елдің бұрынғы президенті Хосни Мубарак пен басқа да айыпталушыларды өлім жазасына кесуді талап етті. Олардың қатарында Мубарактың балалары мен ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы бар. Египетте өлім жазасы дарға асу арқылы жүзеге асырылады. Осылайша ереуіл кезінде адамдарды атуға тікелей бұйрық бермеген Мубарактың ирактық әріптесі С.Хусейннің тағдырын қайталау мүмкіндігі күшейіп тұр.
САЯСИ ДАҒДАРЫС УШЫҒЫП ТҰР
Иракта орын алған бірнеше терактілер салдарынан қаза тапқандар саны 78-ге жетіп, жүзден астам адам жарақаттар алған.
Бағдадтың мұсылман-шейіттер тұратын ауданында таңертеңгі қарбалас сәтте екі күшті жарылыс болған. Арада бірнеше сағат өткенде Ирактың оңтүстігіндегі Ди-Кар провинциясында іске қосылған жарылғыш құрылғы 40 адамның өмірін жалмаған. Айта кету керек, Иракта елден америкалық әскерлерді әкету процедурасы аяқталысымен-ақ басталған саяси дағдарыс бүгінде барынша ушығып тұр.
АҚШ-тың ЖАҢА ӘСКЕРИ СТРАТЕГИЯСЫ
Обама Пентагонда әскери бюджеттің қысқаратындығы және сонымен бірге әскери үстемдіктің сақталатындығы туралы хабарлады.
Бейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Пентагонда болып, онда ұзақ сөз сөйледі. Оған Ақ үй мен Пентагонның «АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығын қолдай отырып. ХХІ ғасырдағы қорғаныс басымдықтары» атты бірлескен құжатты жариялауы себеп болып отыр. Құжатта АҚШ-тың жаңа әскери жағдайларды ескергендегі тың стратегиялық басымдықтары көрініс тапқан. Өз сөзінде Обама әскери бюджеттің қысқаратындығын айтып, қарулы күштер санының қысқаруы мүмкін екендігін де емеурінмен білдірді.
ТҮРІК МИНИСТРІ ИРАНҒА КЕЛДІ
Теһранда Иран мен Түркия сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Али Акбар Салехи мен Ахмед Давудоглу арасында келіссөздер өтуде.
Түрік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Теһранға алдын-ала мәлімделмеген сапармен келген Түркияның сыртқы істер министрі Иран тарапымен екі жақ үшін де мүдделілік туғызатын бірқатар мәселелерді талқыламақ. Оның ішінде Таяу Шығыстағы оқиғалар мен Иранның ядролық жағдайына қатысты да мәселелер бар.
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БИІК КӨПІР
Мексикада ел президенті Фелипе Кальдеронның қатысуымен әлемдегі ең биік көпірдің ашылу салтанаты болды.
«Baluarte» деген атауға ие болған көпір Синалоа және Дуранго штаттарын жалғастыратын болады. Ел тәуелсіздігінің 200 жылдығына орайластырылып ашылып отырған көпірдің биіктігі 403 метрді құрайды. Ұзындығы – 1124 метр. Болашақта көпір Мексиканың Тынық және Атлант мұхиты жағалауларын байланыстыратын күрежолдың бір бөлігіне айналмақ.
КАТАРДА «ТАЛИБАН» ӨКІЛДІГІ АШЫЛМАҚ
Ауғандық «Талибан» қозғалысының Катарда өз өкілдігін құру туралы алдын-ала уағдаластыққа қол жеткізгені туралы хабарды БҰҰ қызығушылықпен қабылдаған.
Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Мартин Несирке хабарлаған. Ол қазіргі дау-жанжалды тек саяси құралдар арқылы ғана реттеуге болады деген БҰҰ-ның Ауғанстанға ықпал ету жөніндегі миссиясының мәлімдемесін келтірген. БҰҰ миссиясы бейбіт үдеріске бағытталған кез келген бастамаға қолдау білдіреді, деп атап көрсеткен ресми өкіл тұрақты өтіп тұратын брифинг кезінде.
САЙЛАУ ӨЗ МЕРЗІМІНДЕ ӨТЕДІ
Грузиядағы парламент сайлауы заңда белгіленген мерзімде, яғни осы жылдың қазанында өтеді деп мәлімдеген ел президенті Михаил Саакашвили.
Сондай-ақ президент сайлауға халықаралық байқаушылардың неғұрлым көбірек қатысқанын қалайтынын да жеткізген. Оның айтуынша, президент ретінде ол сайлаудың «таза» өтуіне барынша мүдделі. Грузия басшысы мемлекеттің әділ де демократиялық сайлау өткізу үшін қажетті қаржы бөлетінін де атап көрсетті.
ЕУРОПАҒА ТОПАН СУ ҚАТЕРІ ТӨНУДЕ
Нидерландының солтүстік аудандарының тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшуге дайындалуда.
«Андреа» дауылының салдарынан өңірде бірнеше күннен бері қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жаууда. Билік ондаған елді мекеннің топан су астында қалу қаупі бар екенін хабарлаған. Ауа райының қолайсыздығы елдегі әуе қатынасына да нұқсан келтіруде. Амстердамның халықаралық әуежайында отыздан астам рейстердің ұшу уақыты кейінге қалдырылып отыр. Темір жолдарға ағаштың құлауына байланысты пойыздар жүрісі кешіктірілуде. Осындай жағдай Еуропаның басқа да бірқатар елдерінде орын алып отыр.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.