• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2012

Иранда әскери ядролық бағдарлама жоқ

263 рет
көрсетілді

Иранда әскери ядролық бағдарлама жоқ

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 7:43

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Иранның қазіргі кезде ядролық қару жасау жөнінде жұмыстар жүргізіп жатпағанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Теһран әзірше тек ядро саласында белгілі бір мүм­кіндіктер құру ниетінде.АҚШ қорғаныс министрі сондай-ақ Вашингтон үшін Иранның атом бомбасын жасау жұмыстарын бастайтын «қызыл сызықтан» өту кезеңіне тосқауыл қою басты мақсат болып табылатынын атап көрсетті. Л.Панетта мәлімде­генін­дей, ондай күдік пайда болған жағдайда АҚШ Иранға қатысты кез келген құралға жүгіне алады. Осы аралықта Иран президенті М.Ахмадинежад ресми сапармен Венесуэлада жүр. Осы ел басшысы У.Чавес екеуі АҚШ-тың әлемдік үстемдікке ұмтылысына наразы.

Сәрсенбі, 11 қаңтар 2012 7:43

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта Иранның қазіргі кезде ядролық қару жасау жөнінде жұмыстар жүргізіп жатпағанын мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, Теһран әзірше тек ядро саласында белгілі бір мүм­кіндіктер құру ниетінде.АҚШ қорғаныс министрі сондай-ақ Вашингтон үшін Иранның атом бомбасын жасау жұмыстарын бастайтын «қызыл сызықтан» өту кезеңіне тосқауыл қою басты мақсат болып табылатынын атап көрсетті. Л.Панетта мәлімде­генін­дей, ондай күдік пайда болған жағдайда АҚШ Иранға қатысты кез келген құралға жүгіне алады. Осы аралықта Иран президенті М.Ахмадинежад ресми сапармен Венесуэлада жүр. Осы ел басшысы У.Чавес екеуі АҚШ-тың әлемдік үстемдікке ұмтылысына наразы.

Солтүстік корея армиясы ант бердіСолтүстік Кореяның қарулы күштері жаңа бас қолбасшы, ел көсемі Ким Чен Ынға адалдық антын қабылдады. Ант беру рәсіміне әскерлердің барлық түр­лерінің өкілдері қатысты. Әскерилер ел мен оның жаңа көсемін кез келген сыртқы қатерден қорғайтындарын мәлімдеді.Қазіргі кезде Солтүстік Корея қарулы күштерінің жалпы саны 1,1 миллион адамды құрайды. Әскери міндеттіліктің әйелдерге де тікелей қатысы бар. Ал бірінші кезекте армия қағидаты бойынша өмір сүретін КХДР-де билікті жаңа басшылыққа беру ісінде әскерилер тарапынан қолдау көру аса маңызды аспектілердің бірі болып есептеледі.Әскери қуатын арттыруы негізсіз Қытай АҚШ-тың Азиядағы әскери қатысуын кү­шейту­ге ұмтылысын негізсіз деп санайды. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лю Вэйминь мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесін Қытай АҚШ-тың қауіпсіздігіне қатер төндіре ме деген сұраққа жауап беруі кезінде жасады.Л.Вэйминьнің пікірінше, Вашингтон Бейжіңнің өзінің қарулы күштерін жаңғырту ниетін дұрыс түсінбеген. Қытай СІМ-і өкілінің атап көрсетуінше, мұндай жаңғырту өңірдегі бейбітшілікті қолдауға бағытталған және басқа елдерге қатер төндірмейді. Л.Вэйминь өз елінің бейбіт дамуды жалғас­ты­ра­тынын ерекше атаған. Сондықтан, дейді ол, АҚШ-тың Азия өңірінде әскери қуатын күшейтуге ұмтылуы мүлдем негізсіз.Бүлікшілерге қару сатты деп айыптадыСирия армиясы бүлікшілерге қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып жүр деген қауесет тарап отыр. Бұл туралы Сирия президенті Башар Асад режімімен күре­су­шілердің өзі жария еткен. Бүлік­ші­лердің сөздеріне қарағанда, әскерилер ара­сында дизертирлер жетерлік, сон­дық­тан қару-жарақ пен оқ-дәріден тапшылық жоқ.Сириядағы билеуші режімге қарсы жаппай наразылық акциялары өткен жылдың наурыз айында басталғаны белгілі. Содан бері елде береке жоқ. Араб мемлекеттерінің лигасы өкілдері Сирияда болып қайтты. Олар қай жақтікі дұрыс, қай жақтікі бұрыс екеніне нақты бір түйінді сөз айта алмауда. Ал Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоған көп кешікпей елде азамат соғысы басталады, мұның Түркияға да кесірі тиеді деп алаңдаулы. Сондықтан, оның пікірінше, Б.Асад биліктен кетуі тиіс.Жарылыстан 35 адам көз жұмдыПәкстанның солтүстік-батысында жасалған жарылыстан кем дегенде 35 адам опат болса, 60-тан астамы түрлі дене жарақатын алған. Лаңкестік Хайбер өңірінде орналасқан Жамруд қаласындағы базарда орын алған. Бұл өңір арқылы Ауғанстандағы АҚШ әскерлеріне қажетті керек-жарақ жеткізетін негізгі маршрут өтеді.Жергілікті билік жарылыс себептерін тексеруді бас­та­ғаны­мен, әзірше оның нақты себебін айтуға қиналып отыр. Бір болжам бойынша, жерге жасырылған мина, екіншісі бойынша, базар жанындағы май құю стансасы жарылған. Осы жерде айта кететін бір жәйт – Пәкстанның орталық билігі Ауған­стан­мен шекаралас Хайбер өңірін іс жүзінде бақылауына алып отырған жоқ. «Талибан» содырлары да осы өңірдегі одақ­тас­тар әскерлеріне арналған жанар-жағар май цистерналарына оқтын-оқтын шабуыл жасап тұрады.Артық эфир уақытынан бас тарттыТүркіменстан президенттігіне екінші мерзімге түсіп отырған Гурбангулы Бердымұхамедов бұдан әрі қарай өзіне сайлауалды үгіт жұмысы үшін бөлінген теледи­дар­дағы эфир уақыты керек емес екенін мәлімдеді. Ол 9 қаңтар күні ұлттық теледидардан өзінің бағдарламасы бойынша сөз сөйлеген болатын.Г.Бердымұхамедов орталық сайлау комиссиясына қалған уақытты басқа президенттікке кандидаттарға бөліп беруді ұсынды. Оның бүгінде халықтың тек өзін таңдайтынына сенімі зор. Сондықтан теледидарға қайта-қайта шығып, уақыт жоғалтудың керегі шамалы. Сөз ретінде Г.Бердымұхамедовтің билік басына 2007 жылы Сапармұрат Ниязов өмірден өткен соң іле-шала келгенін айта кетейік.Интернет материалдары негізінде әзірленді.