Австрияның Зеефельд қаласында шаңғы спорт түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Кеше шаңғымен тұғырдан секіруден әйелдер арасындағы командалық бәсекенің жеңімпазы деп жазады Olympic.kz.
Қыздар арасындағы командалық сында Германия құрамасы чемпион атанды. Олар 898,9 ұпай жинаған.
Күміс жүлдені Австрия (880,3), қола медальді Норвегия (876,9) командалары иеленді.
Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы іріктеуден өте алмады. Жалпы есепте біздің команда 207,8 ұпаймен 11-ші орынға тұрақтады.