26 ақпанда қаланы қардан тазалауға 291 жұмыскер шықты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Қаланы қардан тазалауға мамандандырылған техниканың 542 бірлігі жұмылдырылды.
«Қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 32 188 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 9 224, өзге мекемелер 22 296, «Астана көгалдандыру құрылысы» 668 текше метрін шығарды», - делінген «Астана Тазалық» ЖШС-нің хабарламасында.
16 қазан мен 26 ақпан аралығында қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 2 308 137 текше метрді құрайды. Бір тәулікте құм-тұз аралас қоспаның 129,5, ал 13 қазан мен 26 ақпан аралығында 23 052,5 текше метрі себілді. 21 қарашадан бүгінге дейін көктайғаққа қарсы реагенттің 483,73 тоннасы шашылды.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.