• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2019

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі

572 рет
көрсетілді

28 ақпан 2 наурыз аралығында Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Қазақстанда алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік бөлікте жауын-шашын, арты қарға ұласатын жаңбыр, тұман, көктайғақ және күндізгі температуралар 5-18 градус жылыға дейін күтіледі. Республиканың бүкіл аймағында ауа температурасы климаттық мәннен жоғары күтіледі»,  деп атап өтті синоптиктер.