• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Ақпан, 2019

Атыраудағы «адалдық кафесі»

938 рет
көрсетілді

Атырау Сервис колледжінде «Смайлик» деп аталатын айрықша кафе ашылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті өткізген «Адалдықпен қайырымдылыққа бір қадам» акциясы осындай бастамаға ұйытқы болды.

«Адалдық кафесінің» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылған. «Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажет тағамдарды алып, ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі, барлық тағамды колледждегі аспазшы мамандығында оқитын студенттер дайындайды. Бұл студенттердің оқудан бөлек тәжірибелік дағдыларын дамытуға септігін тигізеді»,- дейді департаменттің баспасөз хатшысы Динара Лұқпанова.

Жастарды адалдыққа, қайырымдылыққа шақыратын жоба аясында түскен қаржы оқу орнында білім алып жатқан жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі студенттердің қажеттілігіне жұмсалады.

Бақытгүл БАБАШ,

«EgemenQazaqstan»

АТЫРАУ