• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2019

«Нұр Отанның» саяси кеңесіне жаңа мүшелер сайланды

1024 рет
көрсетілді

Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде Саяси кеңестің жаңа құрамы таныстырылды. 

Жаңадан сайланған мүшелердің қатарында Үкімет басшысы Асқар Мамин, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бар. Сондай-ақ бұрынғы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев та Саяси кеңестің құрамына енді.

Бұдан бөлек, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Тәжин, Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Саяси кеңестің жаңа құрамына кірді.

Сондай-ақ «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Сенат депутаты Дариға Назарбаева, «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері Ұлттық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма басшысы Дархан Қыдырәлі сынды азаматтар бар.

Бұған қоса, съезд барысында "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесі бюросының жаңа құрамы да бекітілді.

Жаңа құрамға Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Сенат депутаты Дариға Назарбаева, «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, «Қазақстан Халық банкі» АҚ тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің төрағасы Александр Павлов кірді.

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің құрамы