• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2019

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

774 рет
көрсетілді

Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды, солтүстігінде қар ажуады. Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады», - деп хабарлады синоптиктер.

Астанада құбылмалы бұлтты, кейде қар жауады, жаяу бұрқасын тұрады, солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с.

Ауа температурасы түнде -11-13, күндіз -3-5. 

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1+1, күндіз +10+12. 

Шымкентте күндіз жаңбыр жауады, түнде бұлтты, жауын-шашынсыз, 6-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +13+15, түнде +2+4.

Қарағанды облысында тұман түседі, кей жерлерде төменнен сырма соғады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -3+2, түнде -5-10. 

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде төменнен сырма соғады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3 түнде -5-10.

Павлодар облысында кей жерлерде тұман түседі, күндз бұрқасын соғады, көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -4+1, түнде -10-15.

Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын соғады, тұман, көктайғақ. Күндіз -3-8, түнде -10-15.

Түркістан облысында ертеңгісін және кей жерлерде күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде -1+4.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде төменнен сырма соғады, тұман түседі. Ауа температурасы күндіз -5-10, түнде -14-19

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +10+15, түнде 0+5. 

Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде жаңбыр күшейеді, кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ. Күндіз +5+10, түнде -2+3.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз +2+7, түнде -3+2. 

Атырау облысында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Күндіз 0+5, түнде 0-5.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, күндіз 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2+3, түнде -1-6. 

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 28 м/с. Күндіз +7+12, түнде -3+2. 

Қостанай облысында кей жерлерде қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -17-22.

Ақтөбе облысында кей жерлерде қар жауады. Күндіз 0-5, түнде -5-10.

«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қардың еруі және қар суының қалыптасуы, мұз қату құбылыстарының әлсіреуі мүмкін», - деді синоптиктер.