• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Ақпан, 2019

Жүк айналымының артуына Ляньюнган портының әсері мол

552 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылдың 26 ақпанында «Қазақстан темір жолы» Басқарма төрағасының орынбасары Павел Соколов Цзянсу провинциясының көліктік басқармасының басшысы Дин Дзюнхуамен және Ляньюнган портының президенті Чжу Сяньянмен кездесу өткізді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар Ляньюнган порты қазақстандық-қытайлық логистикалық  терминалының әлеуетін пайдаланудағы ыңтымақтастықты ары қарай дамыту мәселелерін талқылады.

Өңделген жүктер көлемі артуының оң динамикасы атап көрсетілді. Қазақстан арқылы транзитпен Ляньюнган порты арқылы Қытай/Оңтүстік-Шығыс Азия – Орталық Азия/Еуропа – Оңтүстік-Шығыс Азия бағыттарында логистикалық шешімдері және жаңа бағыттарды құру перспективалары қаралды.

Тараптар «Қорғас – Шығыс қақпасы» Құрғақ порты мен Ляньюнган портында бірлескен кәсіпорындар құру шеңберінде өзара тиімді ықпалдастықты арттыруға ден қойды.

Сондай-ақ Транскаспий бағыты мен ҚХР-ОА-ҚХР, ҚХР-РФ-ҚХР бағыттарында жүктер тасымалын кепілді қамтамасыз ету мақсатында өндірістік активтерді инвестициялау мәселелерін талқыға салды.

Тараптар Қазақстан аумағы арқылы транзитік жүкағының тарту, контейнерлік бизнесті дамытуға мүдделі екенін жеткізді.