• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Ақпан, 2019

Астанадағы әуежайда өрт қауіпсіздігіне қатысты оқу-жаттығу өткізіледі

462 рет
көрсетілді

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында өрт қауіпсіздігіне қатысты жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«28 ақпанда  сағат 14:30-да елорда әуежайында  өрт қауіпсіздігіне қатысты жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. Оған әуежайдың ұшуларды өрттен және апаттан құтқаруды қамтамасыз ету қызметі және Астана қаласының «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қатысады», - делінген хабарламада. Әуежай қызметі оқу-жаттығу кезінде жолаушылар мен терминалға келіп  кетушілердің шараға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауын сұрайды. Шараның мақсаты - жалынды сөндіру кезінде адамдар мен материалдық құндылықтарды қауіпсіз жерге көшіру үшін өрт сөндіру бөлімшелерінің әуежай қызметкерлерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.