• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қараша, 2012

Қаза тапқандар саны 100-ден асты

287 рет
көрсетілді

Қаза тапқандар саны 100-ден асты

Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:10

Израиль мен Палестина арасындағы ахуал әлі де ушығып тұр. Дүйсенбі палестиналықтар үшін аса қаралы күн болды. Сол бір күннің ішінде 30-дан астам жергілікті тұрғын көз жұм­ды. Қаза тапқан палестина­­­­лық­тардың жалпы саны, соңғы мәлімет бойынша, 109 адам делініп отыр.

Осы аралықта Израиль полицейлері Тель-Авивтегі АҚШ елшілігінің күзетшісіне шабуыл жасаған ер адамды тұтқындады. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, аты-жөні белгісіз адам күзетшіні өлтіруге әрекет жасаған. Тергеушілер оның күзетшіге не себепті шабуыл жасағанын тексеру үстінде.

 

Сәрсенбі, 21 қараша 2012 7:10

Израиль мен Палестина арасындағы ахуал әлі де ушығып тұр. Дүйсенбі палестиналықтар үшін аса қаралы күн болды. Сол бір күннің ішінде 30-дан астам жергілікті тұрғын көз жұм­ды. Қаза тапқан палестина­­­­лық­тардың жалпы саны, соңғы мәлімет бойынша, 109 адам делініп отыр.

Осы аралықта Израиль полицейлері Тель-Авивтегі АҚШ елшілігінің күзетшісіне шабуыл жасаған ер адамды тұтқындады. Жергілікті құқық қорғау органдарының мәліметінше, аты-жөні белгісіз адам күзетшіні өлтіруге әрекет жасаған. Тергеушілер оның күзетшіге не себепті шабуыл жасағанын тексеру үстінде.

Ауғанстандағы миссиясын аяқтады

Франция Ауғанстандағы өзінің соңғы әскери миссиясын аяқтады. Кеше француз әскерилері Капис про­вин­ция­сын­дағы Ниджраб базасынан шығарылды. Бұл француз­дар­дың Кабулдан тысқары жердегі соң­ғы форпосты болып табылады. Францияның әскери бөлімдері Ауғанстанды желтоқсан айында толық тас­тап шығады.

Франция ауған науқанына 2001 жылдың аяғында қосылған болатын. Француз контингенті ауқымы жөнінен АҚШ-тан, Британиядан, Германиядан және Италиядан кейінгі бесінші орында еді. 11 жыл ішінде француздар 88 әскери қызметкерінен өлідей айырылды. Қазіргі кезде Ауғанстанда шамамен 2,2 мың француз әскериі бар.

 

Айып көлемі – 200 мың рубль

«Біртұтас Ресей» депутаттары заңсыз мигранттарға бірнеше мәрте баспана ұсынғандар үшін 200 мың рубль кө­ле­мінде айыппұл салу туралы ұсыныс жасады. Құжатқа сәйкес, аталған заң бұзу­шылық үшін қылмыстық жауапкер­шілік енгізілетін болады.

200 мың рубльге балама жаза ретінде 360 сағатқа дейін міндетті жұмыс қарастырылған. 1 жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстары немесе 2 жылға дейін мәжбүрлеп жұмыс істету де көзделеді. Егер мигранттарды бір топ адам алдын ала келісім бойынша қоныстандыратын болса, онда тәртіп бұзушылар үш жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Әрине, мұның бәрі заң күшіне енген жағдайда ғана жүзеге аспақ.

 

3 миллиард долларынан айырылды

Қытайдағы аса бай әйел У Ячжунь өзінің жұбайы Кай Кюймен ажырасуы салдарынан 3 миллиард доллардан астам қаражатын жоғалтты. Сөй­тіп,Longfor компаниясы басшы­­­сының байлығы 72-ден 43 пайызға дейін азайып кетсе, есесіне оның бұрынғы жұбайының үлесі 29 пайызға көтерілген.

Осылайша У Ячжуньнің қаржысы бұған дейінгі 7,3 миллиард­тың орнына 4,2 миллиард долларға дейін азайған. Сөйтіп, ең бай қытайлық әйел мәртебесі Country Garden Holding компаниясының иесі Ян Хуюанға ауысып отыр. Оның байлығы 5 миллиард доллар деп есептеледі. Ал ең бай қытайлық алкогольсіз Wahaha ішімдігін өндіруші Цзун Цинхоу болып қалуда. Оның байлығы 19 миллиард долларға тең көрінеді.

 

Өздерін өздері өртемек болды

Қырғызстан астанасында коммерциялық құрылым­дарға қарыздары салдарынан мүліктерінен айырыл­ған адам­дар­дың жаппай өздерін өздері өртеуге жа­саған әрекет­терінің алды алынды. Кеше әрекет иелері Бішкектегі Горький атындағы саябаққа жиналып, осындай қадамдарға бармақ болған.

Олардың кейбірі үкіметке қарсы сипаттағы ұрандар айтып, ел президенті Алмазбек Атамбаевты қоса алғанда, барлық республика басшылығының отставкаға кетулерін талап еткен. 40 адам өздерін өртеп жібермекші болған. Олардың басым көпшілігі әйел­дер мен егде тартқан адамдар екен. Ереуілшілердің пікір­лерінше, бәрі ар-ұяттан безген қаржы ұйымдарының іс-әрекеттерінен зардап шеккен.

 

Сақалдың ұзындығы шектеулі

Тәжікстандағы үлемдер кеңесі (исламды жетік білетін беделділер) ер­лер­дің сақал қою мен әйелдердің киім кию нормаларын белгіледі. Бұл ереженің сүнниттердің ханафи мазхабын ұстанатындарға қатысы бар кө­рінеді. Өйткені, Тәжікстанда ис­­­лам­­­­ның осы бағыты ресми болып табылады және рес­пуб­лика мұсылмандарының көпшілігі ұстанады.

Ережеге сәйкес, ер адам сақалының көлемі өзінің жұды­ры­ғынан аспауы тиіс. Әйелдер үшін киім оның беті, қолы және табанынан басқа жерінің бәрін толық жауып тұруы шарт. Тәжік­стан­ның ислам орталығында үлемдер кеңесі жұмыс істесе, олар бұл норманы дін істері жөніндегі комитеттің өтініші бойынша белгі­лепті. Елде шамамен 3 мыңдай мешіт пен 20 шақты діни білім беру мекемелері жұмыс істейді.

 

Қысқа қайырып айтқанда:

— Француз оппозициясы өз серкесін сайлады. «Халықтық қозғалыс үшін одағы»оппозициялық партиясының басына Жан-Франсуа Копе келді. Ол қарсыласы,бұрынғы премьер-министр Франсуа Фийоннан 98 дауыс артық алған.

— Грузия парламентінің адам құқығын қорғау комитеті бұрнағы күні елдетүрлі баптар бойынша 180 адам саяси тұтқын деп жарияланғанынхабарлады. Тағы 22 адам саяси қуғын-сүргінде жүрген көрінеді.

— Тергеушілердің деректерінше, Польшада ішкі қауіпсіздік агент­тігініңқызметкерлері билік органдарының өкілдеріне қарсы лаңкес­­тікұйымдастырмақ болған ер адамды тұтқын­даған. Күдікті Краковта қамауға түскен.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.