Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:12
Жақында Джибутиде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлерінің кеңесі ашылып, оған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сейсенбі, 20 қараша 2012 7:12
Жақында Джибутиде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлерінің кеңесі ашылып, оған Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Конференцияның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстанның осы Ұйымға 2011 жылдың 28 маусымы мен үстіміздегі жылдың 15 қарашасына дейін созылған төрағалығының қорытындысын шығарды. Ол Қазақстан дипломатиясы тарихындағы осы маңызды оқиға күрделі геосаяси және жаһандық экономикалық сын-қатерлер мен ИЫҰ географиясында орын алған драмалық саяси өзгерістер кезеңінде өткенін атап көрсетті.Министр Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 28 маусымында Астанада өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің 38-ші кеңесіндегі бағдарламалық сөзі қазақстандық төрағалықтың күн тәртібін белгілесе, онда ислам әлемін жаңғырту, оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, әлеуметтік-экономикалық прогресс, халықаралық аренада ИЫҰ-ның рөлін нығайту және өркениетаралық үнқатысуды дамыту мәселелеріне баса назар аударылғанын көлденең тартты.Е.Ыдырысов Астанадағы СІМК барысында Ислам Конференциясы Ұйымын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына өзгерту туралы тарихи шешім қабылданғанын атап өте келіп, Астананың төрағалығы аясында, тұтастай алғанда, 40 іс-шара, оның ішінде, 10 іс-шара министрліктер деңгейінде ұйымдастырылғанын, осының нәтижесінде, Ұйымның түрлі органдарының қызметі айтарлықтай белсенді бола түскенін айтты.Мәселен, Қазақстан бастамасымен 7-ші Бүкіләлемдік ислам экономикалық форумы, ИЫҰ-ға мүше елдер денсаулық сақтау министрлерінің 3-ші конференциясы, қоршаған орта министрлерінің 5-ші кездесуі секілді аса ірі іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған кезеңде Сомалиге гуманитарлық көмек ретінде 500 млн. АҚШ доллары көлемінде қаражат жиналды. Мұны Ұйымның аса ірі табысы деп бағалаған жөн.Қазақстанның көпшілік тарапынан қолдау тапқан бастамаларының қатарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ИЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі жүйесін құру туралы ұсынысын атауға болады. Өйткені, бұл бастама негізінде Астанада Ұйымның жаңа институты – ИЫҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Офисін құру туралы шешім қабылданды.Ислам Даму банкімен (ИДБ) ынтымақтастық саласында өзара ықпалдастыққа айтарлықтай іргетас қаланды – ИДБ-мен елдік әріптестік стратегиясы жасалды. Бұл Қазақстан Республикасындағы түрлі жобаларды жүзеге асыру үшін айтарлықтай қаржы көздерін тартуға, сондай-ақ Қазақстан басшысының келесі бір бастамасы – шағын және орта бизнесті дамыту үшін қор құру туралы бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Астана ИЫҰ-ның ішкі реформаларына бағытталған бірқатар қадамдарға, оның ЕО-мен, ЕҚЫҰ-мен, ШЫҰ-мен, АӨСШК-мен және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерімен ынтымақтастығын кеңейтуге бастамашылық жасады. Қазақстан Республикасының ядролық таратпау, Ауғанстандағы жағдайды қалпына келтіру, G-Global-ды дамыту, сондай-ақ Ұйымның G-20-мен өзара іс-қимылын ілгерілету бойынша бастамалары мұсылман қауымы тарапынан қолдау тапты.Астанада ИЫҰ-ның адам құқықтары жөніндегі тәуелсіз тұрақты комиссиясын құру туралы шешім қабылдануы маңызды қадам болды.Қазақстан СІМК-нің төрағасы ретінде Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауда салмақтылық пен тепе-теңдік көрсетті. Біздің еліміз Ватиканда елшілер деңгейінде ИЫҰ-ның делегациясына жетекшілік жасап, Палестина аумағындағы католик шіркеуінің меншік мәселелерін талқылады.Форумда сөз сөйлеген ИЫҰ-ның Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлы, Джибути президенті Исмали Омар Гелле, ИЫҰ-ға мүше елдер сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Қазақстан Республикасының Ұйымға төрағалығын жоғары бағалап, Президент Нұрсұлтан Назарбаев ілгерілеткен бастамалардың көкейкестілігін атап көрсетті. Ал бұл бастамалар Ислам уммасының күн тәртібінде тұрған аса маңызды проблемаларды қозғайды.Олардың сөздеріне қарағанда, Қазақстан төрағалық лауазымында өзін күрделі саяси үдерістерде конструктивті шешім қабылдауға қабілетті толысқан және жауапкершілікті мемлекет ретінде көрсетті. Осы орайда, Қазақстанның әлемге экономикасы дамыған, этносаралық және дінаралық келісімді сақтап отырған тиімді мемлекеттік құрылыс қалыптастырып, дүние жүзіне үлгі көрсетіп келе жатқан ел екенін де атап көрсеткен абзал. Атап айтқанда, ИЫҰ-ның Бас хатшысы, қазақстандық төрағалықтың жоғары мазмұны мен кәсібилігін атап өте келіп, оның Ұйым тарихындағы аса бір жарқын бет болып қалатынын көлденең тартты.Конференция жұмысы шеңберінде Е.Ыдырысов бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Ауғанстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы З.Расулмен, Египет сыртқы саясат ведомствосының басшысы М.Әмірмен, Иран сыртқы саясат ведомствосының басшысы А.Салихимен, Сауд Арабиясы сыртқы саясат ведомствосының басшысы, Ханзада Әбдел Әзиз бен Абдалламен, Гамбия сыртқы саясат ведомствосының басшысы С.Ваффа-Огоомен, Гвинея сыртқы саясат ведомствосының басшысы Б.Фофаномен, Гайана сыртқы саясат ведомствосының басшысы К.Родригес-Биркетпен, АҚШ президентінің ИЫҰ-дағы Арнайы елшісі Р.Хусейнмен келіссөздер барысында халықаралық, өңірлік және екіжақты ынтымақтастықтың көкейкесті мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу, сондай-ақ Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігінен орын алу тапсырыстарын ілгерілету мәселелеріне баса назар аударылды. Қазақстандық министр, сонымен қатар, ИЫҰ-ның Бас хатшысы Э.Ихсаноғлымен және Ислам Даму банкінің президенті М.Әлимен келіссөздер жүргізді.«Егемен-ақпарат».