Жұма, 27 қаңтар 2012 7:22
АЛЫП ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ БАСЫНДА КІМДЕР БОЛМАҚ?АҚШ пен Ресейде биыл президент сайлауы өтеді. Ресейде ертерек, көктемнің басында, наурызда, ал билік тізгінін ұстаушы АҚШ-та салқын күзде, қарашада айқындалады. Сөйтсе де жұрт олардың кім болатынын аңғарып отырғандай.
Жұма, 27 қаңтар 2012 7:22
АЛЫП ДЕРЖАВАЛАРДЫҢ БАСЫНДА КІМДЕР БОЛМАҚ?АҚШ пен Ресейде биыл президент сайлауы өтеді. Ресейде ертерек, көктемнің басында, наурызда, ал билік тізгінін ұстаушы АҚШ-та салқын күзде, қарашада айқындалады. Сөйтсе де жұрт олардың кім болатынын аңғарып отырғандай.
Басқа елдерде де, айталық Францияда да ел басшыларының сайлауы өтеді. Бірақ оған емес, жұрт назарының жоғарыдағы екі елге ауатынында мән бар. Бұл елдерде қару-жарақтың аса зор арсеналы бары өз алдына, қашанда қақтығыстың, шиеленістің басында осы екі ел жүреді. Және әдетте біріне бірі қарсы болады. Содан әлемдік шиеленіс туып жатады.Оған мысал көп. Тіпті алысқа бармай, дәл қазір ушығып тұрған Иран мәселесін алсақ, бұл екі держава оған байланысты қарама-қарсы бағытты ұстанады. АҚШ бастаған бүкіл Батыс елдері Иранға санкция жариялап, оның мұнайынан бас тартса, Ресей бұл қадамды айыптаған мәлімдеме жасады. Тағы да АҚШ бастаған көптеген елдер Сирия басшылығының халыққа қарсы әрекеттерін айыптаса, Ресей оған ара түседі. Қатардағы жай мемлекеттер сондай бір-біріне қарама-қарсы бағыт ұстанса, жұрт оған мән де бермес еді. Ал қолдарында жойқын қару-жарағы бар елдердің тайталасқаны жаман.Содан да жұрт бұл елдердің басқару тізгінін парасатқа жүгінер қайраткер ұстаса екен деп тілейді, ондағы сайлауға көз тігеді. Қадағалайды.Ресейдегі жағдай біршама айқындалып қалды.АҚШ-тағы жағдай әзірге біршама бұлыңғыр. Республикашылар қазіргі президент, демократ Барак Обамаға қарсы өздерінің соңғы белдесуге шығатын адамын таңдай алмай әлек. Бұл енді америкалық сайлаудың ерекшелігі. Мұнда елдегі жетекші екі партия өздерінің үміткерлерін аралық сайлауда анықтайды. Сол сайлауда үміткерлер өздерінің қабілет-мүмкіндіктерін көрсетумен қатар, өздерінің партияластарының қатаң сынына ұшырап, біраз бедел-абыройынан да айырылып жатады.Соңғы кезге дейін Массачусетс штатының бұрынғы губернаторы Митт Ромни алда келе жатса, Оңтүстік Каролина штатындағы сайлауда конгрестің экс-спикері Ньют Гингрич суырылып алға шықты. Үшінші орында – Пенсильвания штатынан сенатор Рик Санторум. Күрес осы үшеудің арасында өтпек. Солардың ешқайсысы да Барак Обамаға лайықты бәсекелес бола алмайды-ау дейсің.Бұл жөнінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Буш-кішінің пікірі негізді көрінеді. Ромни, Гингрич, Санторум – үшеуі де өздерін қолдау жөнінде оған сөз салса керек. Буш ешқайсысын қолдамайтынын айтыпты. Олар өздерінің арасындағы кикілжіңнің Барак Обаманың жеңісіне жеткізетінін ұғуға тиіс қой, дейді Буш.Путин мен Обама жеңіске жеткенде, оған көп адам күмән келтірмейді, Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас жұмсарады деп те айту қиын. Ал әлем жұртшылығы жұмсарғанын қалайды.
ЕЛ ТАҒДЫРЫ БИЛІК ПЕН ОППОЗИЦИЯНЫ ЖАҚЫНДАСТЫРДЫМьянмада үлкен өзгерістің нышаны байқалады. Ел билігі оппозиция өкіліне қызмет ұсынып отыр. Қызмет болғанда, елдің сыртқы саясатын айқындайтын қызмет – сыртқы істер министрлігі. Ал бұл ұсынысты оппозиционер, әлемге әйгілі тұлға, Нобель сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжи қабыл алмақ ойда.Бұл жағдай жұртқа түсінікті болу үшін жалпы Мьянма мемлекеті, ондағы саяси күрес туралы азын-аулақ түсініктеме бере кеткен жөн. Бұрын бұл ел Бирма Одағы, онан соң Бирма Одағы Социалистік Республикасы, қайтадан Бирма Одағы, ақырында 1989 жылы Мьянма Одағы аталды. Сол өзгерістердің барлығы да ондағы саяси күреске қатысты болды. Билік әртүрлі топтың қолына өтіп, 1988 жылы әскери хунта біржола иемденген.Сол әскери хунта, атап айтқанда, генерал, кейінгі лауазымымен айтсақ, генералиссимус Тан Шве билігі де өзінше ерекше құбылыс. Қатаң әскери тәртіппен қатар олар демократия деген сөзді де жиі қолданды. Тіпті 1990 жылы елде еркін сайлау да өткізген. Бірақ онда жеңіске жеткен оппозициялық демократиялық партияға әскери хунта билікті берген жоқ, оның көсемі Аун Сан Су Чжиді жиырма жыл бойы үй тұтқынында ұстады.Әскерилер билеген елді АҚШ «зұлымдық тіні» қатарына қосқаннан кейін, Мьянма Батыстағы қаржы көздерінен ажырап, қасындағы ұлы көршісіне кіріптар болып қалды. Бұл кіріптарлық енді Қытайға біржола экономикалық тәуелдікке ұшырату қаупін тудырды. Міне, осындай жағдайда билік елдердегі саяси күштердің өзара қарсылығын бәсеңдету мақсатында біраз демократиялық қадамдар жасауға мәжбүр болды.Мұндай қадамдар дегенде, өткен жылдың басында әскерилер билік тізгінін азаматтық үкіметке берді. Мұны жұрт сол әскерилердің таңдаған адамдары дейді. Солай болған күннің өзінде, енді ашық әскери билік жоқ. Тейн Сейннің азаматтық үкіметінің оппозициямен байланысқа шығуының өзі әлем назарын аударған. Жиырма жылдай қуғын-сүргінде болған Аун Сан Су Чжидің үйқамақтан босатылуы ел ішін елең еткізді.Жаңа жылдан бастап үкімет босаған 45 депутат орны үшін оппозицияны парламент сайлауына қатысуға шақырды. Оны Су Чжидің «Демократия жолындағы ұлттық лига» партиясы қабыл алып, 1 сәуірде болатын қосымша парламент сайлауына дайындыққа кірісті. Ал Су Чжидің өзіне сыртқы істер министрлігін ұсыну тіпті күтпеген жағдай.Билік мұндай қадамға неге барды дегеннің шет жағасын жоғарыда аңғарттық. 2185 шақырым ортақ шекарасы болғанмен, бұл елде қытайлардың саны көп емес, 3 пайыз ғана. Бірақ экономикасы қазір толықтай Қытай ықпалында. Осылай жалғаса берсе, алда Мьянманың Қытай протекторатына айналары анық.Бұл елдің ықпалынан шығудың жолы – басқа елдермен, ең алдымен Батыспен байланысты дамыту. Ал енді мұның жолы – демократиялық қадамдар, оппозициямен тіл табысу. Оған АҚШ пен Батыс елдері қаншалықты назар аударады дегенде, Қытайдың ықпалынан босағысы келгендерге олар өте жедел назар аударатыны да белгілі.Билік пен оппозицияны ел тағдыры жақындастырды. Әскерилердің мұрагерлері де, оппозиция да мьянмалық патриотизмге тоқтайды. Мьянманың болашағы үшін олар өздерінің идеялық көңіл-күйлерін екінші кезекке ысырып тастауы басқаларға өнеге болғандай қадам.Мамадияр ЖАҚЫП.