• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2010

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ

782 рет
көрсетілді

ЕЛБАСЫ ҚАБЫЛДАДЫ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “KEGOK” АҚ президенті Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. А.Сәтқалиев Президентке ком­панияның 2009 жылғы қызметінің қорытындылары туралы есепті және Қазақстан тұтынушыларын қуат көзімен қамтудың ағымдағы жағдайы туралы, ұлттық электр желісін дамыту жөніндегі компанияның жоспарын ұсынды. Әңгімелесу кезінде сондай-ақ жеделдетілген индустрия­лық-инновациялық даму мем­лекеттік бағдарламасын орын­дау, атап айтқанда, электр­ энер­гетикалық саладағы стратегия­лық инфра­құрылым жобаларын іске асыру барысы туралы әң­гіме болды. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді.