• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
05 Наурыз, 2010

МЕЖЕЛІ МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ОЙДАҒЫДАЙ

890 рет
көрсетілді

Сәрсенбі күні Мәскеуде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Владимир Путиннің кездесуі болып өтті. Келіссөздер барысында екі жақты сауда-экономикалық қыз­меттестікті одан әрі дамыту, оның ішінде ғарыш, электр энер­гиясы салалары, сондай-ақ атом өнеркәсібі саласында да жетіл­діру мәселелері талқылан­ды. Сол сияқты Қазақстан мен Ресейдің жұмыс істеп тұрған Ке­ден одағы және Біртұтас экономикалық ке­ңістік қа­лыптастыру үдерісі шең­берін­дегі өзара іс-қимылдарының көкейкесті мәселелері де әңгіме арқауына айналды. Алға қойылған міндеттерді шешуде айтарлықтай үлкен алға басушылықтарға қол жеткізілді. Менің ойымша біз келіскен 1 шілдеге дейін барлық міндеттер өз шешімін табуға тиіс, деп атап көрсетті К.Мәсімов. Интеграциялық үдерістерде Қазақстан посткеңестік кеңіс­тікте нағыз көшбасшы болып табылады және Кеден одағын құруда көп жұмыстар атқарды, деді В.Путин өз кезегінде. Кездесу соңында К.Мәсімов пен В.Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы жемісті сауда-эко­но­ми­калық қызметтестік пен әріп­тес­­тік қарым-қатынастардың та­быс­ты дами беретініне сенім білдірді. Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.