Мереке күндері бұлтты ауа райы сақталып, аздап қар жауады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша 7 наурызда құбылмалы ауа райы сақталып, таңертең және күндіз қар жауады, көктайғақ, сырма жүреді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14, кей кезде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз -1+1°С құрайды.
8 наурызда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, жауын-шашынды болады. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с дейін жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -3-5°С құрайды.
9 наурызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -12-14°С, күндіз -3-5°С көрсетеді.