• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Наурыз, 2019

Жасанды интеллект коммуналдық салаға да енгізілуде

1136 рет
көрсетілді

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарының қызметін реттейтін «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Жастар жылы аясында елімізде осы секторды дамытып, жаңғырту үшін қазақстандық жас ізденушілердің стартап-жобалары мен бизнес-бастамаларын қолдау жөніндегі жұмыстарын жалғастыруда. 

Бүгінде компания жанынан құрылған Ғылыми-зерттеу және тә­жі­рибелік-конструкторлық жұ­­­­мыс­­тар басқармасына (ҒЗТКЖ)­ озық технологияларды­­ пай­да­ланып инновациялық жүйе­­лер­­ді әзірлейтін мамандар тар­тылған. Олар жасаған жоба­лар­дың бірі – энергоресурс­тар­­ды есептеу құралдарынан де­­рек­терді қызмет көрсететін ком­панияларға беруге арналған заманауи интеллектуалдық құ­­­рылғы. Жаңадан әзірленген Дерек­тер­ді беру жүйесінің авторлары – Сүлеймен Демирел атындағы университеттің сту­денті Қуаныш Қырықбаев пен Назарбаев Уни­­­вер­­ситет түлегі Жарас­хан Қуаныш­ұлы.

Бұл жаңалықтың нарықтағы бәсекелестерінен негізгі айырма­шылығы – жаңа модемнің өзін­­­дік құнының төмен, оған қоса деректерді берудің бар­лық­ жүйесін енгізуге болады. Сон­дай-ақ мұндай «ақылды» құ­рыл­ғылардың болуы шоттарды есеп­теу үдерісінде қате кетуді ба­рынша төмендетеді. Оған қоса шот­тарды ұсыну кезінде жеделдік пен ашықтықты қамтамасыз ете алады. Ең бастысы, нақты тұтынылған ресурстарды есепке алу арқылы коммуналдық тө­лемдерді үнемдеуге мүмкіндік бе­реді. Бұл радиомодемдерді бұ­рыннан орнатылып қойған есептеуіштерге қосуға болады. Электр жарығы өшкен жағдайда интернет-қосылыссыз, автономды жұмыс істей де алады. Оның бұз­ылуға қарсы цифрлы қор­ғанысы бар. 

«ТКШ Қаз Орталығы» хабар­лағандай, мұндай мәліметтер беру жүйесі ТКШ-ны цифрландыру бағдарламаларын іске асыру кезінде қолданылмақ. 

Жаңа Деректерді беру жүйе­сі елорданың тұрғын үй кешен­дерінің бірінде сынақтан өткен. Жақын арада оны Астананың және басқа да қалалардың көп пәтерлі тұрғын үйлеріне енгізу жоспарланып отыр.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan» 

АЛМАТЫ