• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Наурыз, 2019

Маңғыстауда жұмысшылардың жалақы қарыздары қайтарылды

1028 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында 763 жұмысшы алдындағы 85 млн теңгеден астам жалақы қарызының төленуін қамтамасыз етті.

Атап айтқанда, Ақтау қаласы прокуратурасының актісімен «АВТМ» ЖШС-нен 190 жұмысшының пайдасына 35 млн теңге өндірілді. Сондай-ақ, «Ынта» ЖШС-і 322 жұмысшыға 21 млн теңге қарызын өтеді.

Бейнеу және Маңғыстау аудандары прокуратураларының ұсыныстарымен 251 жұмысшыға 30 млн теңге берешектері төленді.

Сонымен қатар, еңбекақыны уақытылы төлемегені үшін үш жұмыс беруші 600 мың теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлға тартылды.

«Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр» дейді Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Egemen Qazagstan»

Маңғыстау облысы