• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Хоккей 15 Наурыз, 2019

КХЛ: «Барыс» «Авангардтан» ұтылды

923 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарыстың екінші кезеңінде «Барыс» өз мұз айдынында Омбының «Авангард» клубын қабылдады.

Осы кездесудің тамашалау үшін «Барыс Аренаға» 10 482 көрермен жиналды. Өкінішке қарай, біздің жігіттер жанкүйерлер сенімін ақтай алмады. Бәсеке басталған бетте ойын тізгінін қолына алған қонақтар алғашқы 20 минутта астаналықтардың қақпасын екі мәрте дәл көздеді. Бұл голдардың авторлары ­– Кирилл Петров пен Илья Михеев. Екінші кезеңде қос команда бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Үшінші кезең басталған бетте Андре Петерссон есеп айырмашылығын қысқартқанымен, көп кешікпей Сергей Широков бос қақпаны дәл көздеп, бәсекенің соңғы нүктесін қойды. Есеп ­– 1:3.

«Барыс» пен «Авангард» арасындағы келесі кездесу 16 наурызда Астанада өтеді. Одан кейінгі екі бәсеке Омбыда ұйымдастырылады.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»