• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2012

Шар Айна

349 рет
көрсетілді

Шар Айна

Сенбі, 4 тамыз 2012 7:34

Монғолияның экс-президенті сотталды

Монғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярды сотжемқорлықпен айналысқаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырып,дүние-мүлкін тәркіледі және 25 миллион тугрик (18600 АҚШ доллары)айыппұл салды.

 

Сенбі, 4 тамыз 2012 7:34

Монғолияның экс-президенті сотталды

Монғолияның бұрынғы президенті Намбарын Энхбаярды сотжемқорлықпен айналысқаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырып,дүние-мүлкін тәркіледі және 25 миллион тугрик (18600 АҚШ доллары)айыппұл салды.

Басында сот Энхбаярға жеті жыл бергенімен, артынан үш жылын қысқартқан. Сондай-ақ бұрынғы президентпен бірге жемқорлықпен айналысты және лауазымдық қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен төрт министр және бір кәсіпкерге де айып тағылып отыр. Сот шешімімен келіспеген бұрынғы президент жақтастары полиция­мен қақтығысып қалған.

 

Солтүстік Корея БҰҰ көмегіне зәру

КХДР билігі өткен айда ауыл шаруашылығы жерлерін су тасқыны басып қалуы салдарынан БҰҰ тарапынан көмек көрсетуді сұрады. Бұл арада нақты көмек ең алдымен азық түлікпен және жанар-жағар маймен қамтамасыз ету жөнінде болып отыр.  

Орын алған сол табиғи апаттан 100 адам мерт болып, ондаған мыңы баспанасыз қалған-ды. Қазіргі қалыптасқан жағдайда КХДР ел тұрғындарын асырай алмайтындығы халықаралық қауымдастықты мазалай бастады. БҰҰ мәліметіне қарағанда, су тасқыны орын алмай тұрған шақта ел тұрғындарының 60 пайызы тоя тамақ ішпейтін көрінеді.

 

Сирияда 50 адам қаза тапты

Сирияның Хам қаласын көтерілісшілерден азат ету барысында 50 адам қаза тапқан. Кейбір деректерге қарағанда, бейбіт тұрғындар да оққа ұшқан. Оның ішінде үкіметтік әскерилер үш отбасы мүшелерін атып тастаған көрінеді. Үкіметтік авиация қазіргі кезде әуеден соққы беруді күшейте бастады.

Жалпы, Башар Асад жақтаушылары мен оппозиция арасындағы 17 айға созылған қақтығыстан БҰҰ мәліметінше, 20 мың адам қаза тауыпты. Қазіргі таңда Сирияның экономикалық астанасы – Алеппо үшін қиян-кескі ұрыс жалғасуда. Осы ретте БҰҰ-ның Сириядағы арнайы өкілі Коффи Аннан бейбіт жоспарды жүзеге асыра алмағаны үшін өз лауазымынан кететінін мәлімдеген.

 

Бразилиядағы «ғасыр дауы»

Бразилияның Жоғарғы сотында бұрынғы президент Луиса Инасиу Лула да Силва айналасындағы 38 адамға сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты «ғасыр дауы» деген атауға ие болған процесс басталды. Атап айтқанда, Силва құрған Жұмысшы партиясы 2003-2005 жылдары қоғамдық қаржыны биліктік коалиция құруға жұмсаған.

Кейбір парламент депутаттарының ай сайын ақша алып тұрғаны белгілі болды. Төлем көлемі кейбір кезде айына 10 мың АҚШ долларына дейін жеткен. Лула да Силваның өзі бұл жағдайдан бейхабармын деп мәлімдесе, кейбір депутаттар ақша алғандарын мойындапты. Бірақ солардың көбі бұл ақшалар заң жобаларын өткізуге арналмаған еді деп ақталуға тырысқан.

 

Депутат ойыннан аластатылды

Әзербайжан Бокс федерациясының президенті, қазіргі парламент депутаты Агаджан Абиев бокс турнирінде орын алған судьялық даудан кейін Лондонда өтіп жатқан 2012 жылғы Олимпиялық ойындардан аластатылды. Федерация басшысы ережені бұзып, сайыс кезінде спортшылармен сөйлескен көрінеді.

Ал судьялық дау 56 кило салмақта қолғап түйістірген жапондық Сатоси Симицу мен әзербайжандық Мамед Абдулгамидов ойынында орын алған. Соңғы раундта Симицу қарсыласын жеті рет нокдаунға жіберсе де, түркіменстандық рефери ойынды тоқтатпаған. Сол үшін рефери Ишангули Меретниязов еліне қайтарылды, ал жапондық спортшыға жеңіске жетті деген шешім шығарылып берілді.

 

Арал апаты салдарымен күресу

Түркіменстан құрғап бара жатқан Арал теңізінің экологиялық зардабынан жапа шекпеу үшін жаңа жоба әзірледі. Аталған жоба республика президенті Гурбангулы Бердымұхамедов тарапынан БҰҰ-ның «Рио+20» жөніндегі тұрақты даму конференциясы барысында бастама ретінде көтерілген.

Түркіменстанның вице-премьері Аннагелди Язмырадовтың сөзіне қарағанда, жоба бойынша 20 мың гектар алқапқа жапырақты талдар, сексеуіл, сондай-ақ әр түрлі өсімдіктер мен бұталар отырғызылатын болады. Ал президенттің мәліметінше, Арал маңайындағы экологиялық ахуалды жақсартуға ондаған миллион доллар бағышталып отыр.

Қысқа қайырып айтқанда:

 Италияның Йемендегі елшілігі қауіпсіздік қызметінің қызметкері бұған дейін жергілікті содырлар тарапынан ұрланған-ды. Алайда содырлар оны мұнай шығарушы Маариб провинциясының жергілікті билігінің қолына тапсырыпты. Дипломат енді Италия елшісіне қайтарылатын болады.

 Иранның денсаулық сақтау министрлігі жиырма жылдан бері жүргізіліп келе жатқан елдегі бала тууды шектеу саясатынан бас тартатындығын растады. Мұндай шешімнің қабыл­дануына аятолла Али Хаменеидің ел тұрғындарының саны 150-200 миллион адамды құрауы тиіс деген мәлімдемесі себепші болған. Қазір Иранда 80 миллион адам тұрады.

 Корсикада 1986 жылы орын алған Чернобыль АЭС апатының салдары арал тұрғындарының денсаулығына теріс әсері тиді ме, деген мәселе талқыланып жатыр. Арал басшылары тұрғындардан қан ауруларына қатысты ақпараттар беруін сұрапты.

 Францияда қазіргі президент Франсуа Олландқа арналған «президенттің ізімен» атты саяхат туристерді тарта қоймаған. Аталған шара сәрсенбі күні Олланд өзінің алғашқы саяси қадамын жасаған Тюль қаласында өтуі тиіс болатын. Турис­терге Олланд жүріп өткен жолдар бойындағы оның сүйікті мейрамханаларынан тамақтану ұсынылған көрінеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.