Дархан Қыдырəлінің «Қазақ мемлекеттігінің бір бастауы: Моғолстан, Қайду жəне Талас құрылтайы» деген мақаласын разы болып оқыдым. Бəрін қолмен қойғандай етіп, орнықты жазыпты. Қытай деректерінде Қайдуды онша жақсы айтпайды-ау деймін. Бірақ автор деректерді логикалық жағынан жақсы қиюластырып, аргументтерін бұлтартпастай етіп көрсетіпті.
Ең бастысы, мақалада жаңа көзқарас бар жəне ол назар аударуға тұрарлық екен. Тарих туралы мақалалар осылай энциклопедиялық сипатта жазылуы керек. Əйтпесе бос сөз көбейген сайын бостекі ойларға да жол беріліп кетеді. Ал біз айтып отырған мақалада сөз де санаулы, ой да тұжырымды, идея да анық. Мұндай мақаланы оқығанда шаршамайсың, сергисің.
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК,
жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты