• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2019

Тектілік – тегіміздің мәңгілік тегеуріні

929 рет
көрсетілді

Дархан Қыдырəлінің «Қазақ мемлекеттігінің бір бас­тауы: Моғолстан, Қайду жəне Талас құрылтайы» деген мақаласын разы болып оқы­дым. Бəрін қолмен қой­ған­­дай етіп, орнықты жазып­ты. Қытай деректерінде Қайду­­ды онша жақсы айт­пай­ды-ау деймін. Бірақ автор деректерді логи­ка­лық жа­ғы­нан жақсы қию­лас­­ты­рып, аргументтерін бұл­тарт­­пас­тай етіп көрсетіпті. 

Ең бастысы, мақалада жа­ңа көзқарас бар жəне ол назар аударуға тұрарлық екен. Тарих туралы мақалалар осылай энциклопедиялық сипатта жазылуы керек. Əйтпесе бос сөз көбейген сайын бостекі ойларға да жол беріліп кетеді. Ал біз айтып отырған мақа­ла­­да сөз де санаулы, ой да тұ­жы­рымды, идея да анық. Мұн­дай мақаланы оқығанда шар­ша­май­сың, сергисің.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК,

жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты