Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Сенат отырысында Жоғарғы палата депутаттары Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстанның Бас прокуроры етіп Ғизат Нұрдәулетовті тағайындауға келісім берді деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Бас прокурор лауазымына тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады және еліміздің Конституциясы мен «Прокуратура туралы» Заңының ережелерінде көзделген.
Депутаттар ұсынысқа бірауыздан дауыс берді. Жоғарғы палата Төрағасы Қ.Тоқаев жаңадан тағайындалған Бас прокурорға жұмысының табысты болуына және жүктелген міндеттерді абыройлы атқаруына тілектестігін білдірді.