Елбасының «Жастар жылының» ашылуы кезінде берген тапсырмаларын іске асыру аясында 2019 жылға Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін 1 мың жалдамалы пәтер құрылысына 7,2 млрд. теңге қарастырылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында айтты.
Ақпараттарға сүйенсек, 3 жылда жас мамандар үшін 3 мың пәтердің құрылысына 21,6 млрд. теңге қарастырылып отыр.
Айта кетейік, бюджетке қатысты барлық мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдады және Мәжілістің қарауында.