Қазақстан Республикасының Президенті ҚР ҰҚК төрағасына арнаулы атақ берді.
«Жоғары әскери және арнаулы атақтар беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 877 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы берілді.