• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Наурыз, 2019

Бір миллионға жуық адамның жалақысы өскен

1508 рет
көрсетілді

Наурыздан бастап 958 мың төмен жалақы алатын қызметкердің жалақысы ұлғайған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Ведомство басшысы елімізде жалақыны ұлғайту мәселесі қалай жүріп жатқанын таныстырып өтті. 

«Келесі мәселе – Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес, ең төменгі деңгейдегі жалақыны көбейту. Қазіргі таңда 184,6 мың кәсіпорында 958 мың қызметкердің жалақысы өсті. Енді міндет – әкімшілік, кәсіподақ, жұмыс берушілермен бірлесіп осы жұмысты одан әрі жалғастыру қажет. Жыл сайын жалақы ең кем дегенде инфляцияның деңгейінде көбейтілу керек», деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар Б.Сапарбаев жаппай қысқартуға жол берілмейтінін атап өтті. Министр келтірген деректерге сүйенсек, орта есеппен жалақы 33 пайызға, яғни 43 мың теңгеден 57,5 мың теңгеге ұлғайған.