Өткен тәулікте қала көшелерін тазалауға 380 арнайы техника тартылды, деп xабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
18 наурызда қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 15 806 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» ЖШС қардың 4 696 , өзге де мердігерлік ұйымдар 10 935, «Астана Көгалдандыру» АҚ 175 текше метрін шығарды.
16 қазан мен 18 наурыз аралығында қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 2 890 054 текше метрді құрайды. Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты барлық сұрақтарды, соның ішінде қар тазалау жұмыстары бойынша өтінімдерді 109 нөмірі арқылы қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.