• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2019

Шымкентте қызғалдақтар гүлдеді

1432 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының символы саналатын қызғалдақ гүл ашып, үшінші мегаполистің ажарын аша түсті. Жалпы, қаладағы көшелер мен гүлзарларда 1 млн 114 мың дана қызғалдақ егілген. Олардың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті қызғалдақтар.

Қаланы көріктендіруші мамандардың айтуынша, гүлдер сәулетшілер мен суретшілердің бірлесіп сызған эскизіне сай егілген. Қызғалдақ бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқада жаздық гүлдер егіледі.

Көктем гүлінің басым бөлігі қаланың ортасындағы Қызғалдақ субұрқағының айналасында және орталық көшелердің бойында шоғырланған. Көктем маусымында ең алғаш гүлдеп, қалаға ерекше көрік және сән беретін қызғалдақтар гүлдеп болғаннан кейін тұқымы қазып алынып, арнайы қоймаларда сақталады. Ал күз маусымында қайта егіледі.